18.09.2015, 16:06
Оқылды: 52

Исатай батырға ескерткіш тұрғызылды

12004828_890533421022872_1771328702122309180_nБүгін Орал - Ақтөбе күре жолының бойында 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының ескерткіші ашылды.

12032245_890533594356188_7600147890128692050_nАшылу салтанатына қатысушылар ескерткіш айналасына ағаштар отырғызды.

Батырын ұлықтаған ақтөбеліктердің тағылымды шарасына зиялы қауым өкілдерінен құралған батысқазақстандық делегация да қатысып, қуанышын бөлісті. Олардың арасында ақын-жазушылар, тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.

Айта кетейік, Қобдадан 90 шақырым, ал тас жолдан 15 шақырым жердегі тәуелсіздік күресінің құрбаны Исатай Тайманұлының сүйегі жерленіп, мәңгілік тыныстаған Шейітсайда батырдың кесенесі бар.

Ал бүгінгі ашылған ескерткіш әрі-бері өткен жолаушыларға тарихының қатпарына талай сырды бүгіп жатқан қастерлі өлкеде өткен батыр туралы мәлімет беріп тұрары хақ.

Батыр рухына құран бағыштап өтем деген жолаушылар үшін қолайлы болу үшін арнайы аялдама салынған.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале