31.07.2015, 13:02
Оқылды: 25

Ислам – татулықтың тірегі

Janibek islam   Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Қаратай кезекті ақпараттық-насихат тобының жұмыс жоспарына сай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Жиынның мақсаты – «Ислам – экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу. ХҚКО-ның қызметкерлері тақырып аясында сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып отырды. Жиналысты тізгіндеп отырған Азат Айболатұлы өз сөзінде: «Ұлтты ұлт ретінде қалыптастыратын төрт қазық бар. Олар: тіл, діл, дін және салт дәстүр. Ислам діні – мұсылмандарды бейбітшілікке, береке-бірлікке, татулыққа шақыратын дін. Көзі қарақты әрбір жас ұрпақтың діни сауаты болуы тиіс. Сонда ғана олардың санасында теріс пікірлер қалыптаспайды. Егер де дін тұрғысынан білмей жүрген сұрақтарың болса, ресми сайттардан немесе мешіттің имамдарынан сұрастыруларың қажет»,- деді. ХҚКО-ның инспекторы Айдана Ахбалина, реттеу залының басшысы Гауһар Сұлтаниярованың  сұрақтарына теолог маман тарапынан жауап берілді. Осындай түсіндірме жұмыстары жүргізілгеніне жастар ризашылықтарын білдіріп, қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелерге біркісідей атсалысатындарын айтты.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале