11.06.2015, 14:40
Оқылды: 31

Ислам құндылықтары сөз болды

Janibek islam kyndiliktari  Жәнібек ауданында Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік зерттеу жүргізу орталығының мамандарымен кездесу оздырылды. Кездесуге аудан орталығындағы мекемелерде қызмет істейтін жастар қатысты. Басқосуды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік зерттеу жүргізу орталығының теолог маманы Нұрбол Мирзахмедов ұлтты сақтап қалуда оның тілі, діні, ділі, мәдениеті мен тарихының маңызы орасан зор екендігін айта келіп, тәуелсіздіктің арқасында осы құндылықтардың қайтадан ортамызға оралғанын баяндады.

Жиында, сондай-ақ аудандық орталық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев жастарды жат әдеттерден аулақ болуға, ислам дінін ұстануға шақырып, келе жатқан қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудың ерекшеліктерін баса көрсетіп айтты.

www.zhaikpress.kz

                                                                                     Н.Есенғали

                                                                                     Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале