19.03.2015, 10:21
Оқылды: 68

Итемген бай ЕСКЕРТКІШІ

dscf3181


Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінде орналасқан Тойқожа көне қорымындағы құлпытас. Марқұмның басына заманында дәстүрлі шошақ мола – шикі кірпіштен қаланған, беті үшкір күмбезделіп жабылған, төрт қабырғалы ғимарат тұрғызылған. Бүгінде шошақ моланың төбесі құлап түскен, қабырғалары да қаусап тұр. Құрылыстың көлемі шамамен 5х5 метр, биіктігі де 5-6 метр болғанға ұқсайды. Моланың күнбатыс бетінде жер бетінен биіктігі 1 метрден сәл асатын құлпытас сақталған. Бұл – ХІХ ғасыр тұлғасы, Кіші жүз Байұлының тана руынан шыққан белгілі бай Итемген Жанмырзаұлына қойылған ескерткіш.


ҚҰЛПЫТАС МӘТІНІ:

1. ... ... тана

2. Асан тайпасының Йанмырза

3. Тілеуұғлының баласы

4. Итемген бай офат болдыdscf3183

5. 93 йашында 1834 санада мизам

6. 1-інде, бұны қылдырды немересі Йонаш мырза

7. ...

МАҒЫНАСЫ:

Көріп тұрғанымыздай, бұл құлпытас Асан тана руынан шыққан Итемген Жанмырзаұлы Тілеу неме-ресіне қойылған екен. Мизам – ескіше жыл санауымызда сүмбіледен кейін келетін ай. Сонда, Итемген бай қазіргі есеппен 1834 жылы қыркүйектің 14-інде дүниеден өт-кенге саяды. Сол кездегі дәстүрмен үш жас (әрбір 30 жылға 1 жыл) қосылып жазылған болуы керек. Бір қызығы, құлпытаста марқұмның әлеуметтік  мәртебесі нақтыланып, «бай» деп жазылған. Соған қарағанда, әйгілі Есенгелді байдың бір туған бауыры Итемген де мал-мүлікке кенде болмаған секілді. Тас қойған немересінің қазақы есімі – Жонас, Жұныс, Жүніс болса керек.

Итемген бай туралы толығырақ мәліметті «DANAkaz» тарихи-танымдық журналында жарияланып жүрген белгілі тарихшы Жәнібек Исмурзиннің «Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?» атты көлемді зерттеу еңбектен білуге болады.


Құлпытасты оқыған

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

сурет автордікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале