18.02.2016, 12:05
Оқылды: 15

Кабель ұрлығынан 4 млн.теңге зиян келтірілді

канафинБұл туралы ОКҚ өңірлік филиалында өткен брифинг барысында «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының бас директоры Болатбек ҚАНАФИН мәлімдеді.

- Құрамында қымбат металдардың бірі - мыстың болуына байланысты өңірімізде байланыс желісі кабельдерін ұрлау фактілері орын алып отырғаны жасырын емес. Бұл мәселені шешу жолында облыстық ішкі істер департаментімен бірлесе жұмыс атқарудамыз.

Алайда кабель ұрлығы мәселесін шешудің бірден бір жолы қабылдау пункттерін жабу қажет деп ойлаймын. Өйткені сұраныс болып тұрған жерде ұрлық тоқтамайды.

Бірақ аталған мәселенің шешілетін күні де алыс емес. Олай дейтінім «Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда интернет байланысын жоғары жылдамдықпен қамтамасыз ететін оптикалық талшықты жүйеге көшуде. Яғни бұл жүйеде құрамында мыс бар кабельдер пайдаланылмайды. Бүгінгі таңда облыс бойынша Орал, Ақсай қалалары мен 41 елді мекен осы жүйеге қосылған, - деді Болатбек Өтегенұлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале