8.09.2016, 17:13
Оқылды: 35

Казталовтықтар Марат Елеусіновке темір тұлпар тарту етті

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d0%bc%d0%b0%d1%88%d0%b8%d0%bd%d0%b0Даниярдың Олимп биігін бағындыруына жаттықтырушысы, әкесі Марат Тәліпұлының сіңірген еңбегі зор. Бапкердің еңбегін бағалаған жерлестері Марат ағаға темір тұлпарды сыйға тартты.


Салтанатта Данияр туралы бейнефильм көрсетіліп, ән-жырдан шашу шашылды, флешмоб та ұйымдастырылды.

Қазталовтықтардың құрметіне риза болған Марат ағамыз сахнада ән шырқап, спорт пен киелі өнерді қатар меңгергендігін көрсетті.

Туған ауылының шексіз құрметі үшін Марат, Данияр Елеусіновтер жерлестеріне шын жүректен  алғыстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале