19.06.2015, 10:40
Оқылды: 163

«Казталов ауданы әкімінің аппараты»

«Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: 090700, БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, № 1 үй,  анықтама үшін телефондар: 8(71144) 31169, 31168, электрондық мекен-жайы: [email protected], «Б» корпусының  бос әкімшілік мемлекеттік лауаздарға орналасуға ашық конкурс жариялайды.

 

  1. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е-2» санаты). Лауазымдық жалақысықызмет өткерген жылдарына байланысты 103782 теңгеден 140298 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерін жалпы басқаруды және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, ауылдық округтердің әкімдерімен өзараіс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмаларын орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан әкімдігі мен әкімі актілері жобаларының сапалы дайындалуына, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне бақылау жасайды. Мемлекеттік наградалармен наградтау, мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерімен айналысады. Аудан әкімдігі мәжілістерін, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды өткізуін қадағалау. Аудан әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Қаржы-шаруашылық жұмыстарына жетекшілік етеді. Жұмысты жоспарлай, орындалуын бақылай білу. Ұйымдастырушылық, талдау қабілетінің болуы. Қызметкерлермен жұмыс істей білу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:       жоғары білім.   Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;   2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;  3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;  4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  1. Казталов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы (Е-R-1 санаты). Лауазымдық жалақысықызмет өткерген жылдарына байланысты 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Аудан бойынша ішкі саясат жөніндегі жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметін саяси жоспарлау, қоғамдық-саяси мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіріп отыру, қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарыиен, жұртшылық өкілдерімен өзара іс-әрекет ету. Ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процесстерге және оның даму барысына жан-жақты талдау жасау. Ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, жұмысты жоспарлау және орындалуын бақылау, ақпараттық талдау әдістері мен түрлерін білу. Азаматтарды қабылдау жұмысындағы тәжірибесі. Қызметкерлермен жұмыс істей білу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім.  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;  2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы;  4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;  5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Казталов ауданы әкімінің аппаратына мынадай құжаттарын тапсырады:

  • Белгіленген нысан бойынша өтініш;
  • Мөлшері 3х4 фотосуреті бар белгіленген нысандағы сауалнама;
  • Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі;
  • Нотариалды куәландырылған еңбек өтілін растайтын құжат көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде күші бар шекті мәннен төмен емес нәтижелі тесттен өту туралы сертификат.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 10 жұмыс күн жұмыс ішінде құжат тігілетін папкада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тапсырылуы тиіс. Электрондық пошта арқылы конкурсқа қатысуға құжат тапсырған азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей құжат түпнұсқаларын тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Казталов ауданы әкімі аппаратында әңгімелесіден өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале