2.09.2016, 18:36
Оқылды: 20

Казталов-Жәнібек тасжолында «Субару-Легаси» маркілі автокөлігінен 26 дана киіктің мүйіздері тәркіленді

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

   Батыс Қазақстан облысы ІІД Табиғатты қорғау полициясы экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу бойынша профилактикалық шараларды ұдайы жүргізуде.


  Осындай рейдтік шаралар жүргізу барысында ағымдағы жылдың 28 тамызы күні Казталов ауылынан 500 шақырым қашықтықта Казталов-Жәнібек тасжолында  «Субару-Легаси» маркілі автокөлігінен сирек тұқымды жануар саналатын 26 дана киіктің мүйіздері табылып, тәркілеуге алынды.

   Аталған көлік жүргізушісі 1970 ж.т. «М» деген Орал қаласының тұрғыны балық өнімдерін тиісті құжатсыз тасымалдамақшы  болған екен.

     Осы іс ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кешенді жедел-іздестіру, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысы

 ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале