4.08.2015, 9:10
Оқылды: 25

Каратэнің кәнігі шебері келді

Karatenini kanigi sheberi keldi   Орал қаласындағы “ZANSHIN” каратэ клубында оқу-әдістемелік семинары өтуде. Оған каратэден Ресей жеңімпазы, қара белбеуден IV дан иегері Сергей Ищенко Соликамск қаласынан өз тәжірибесін бөлісе  келіпті.

Клуб бапкері Нұржан Тоқсановтың (ІІ дан) айтуынша, мұнда жаттығатын жасөспірімдер саны жүзден асып жығылады екен. Ол өзін осы өнерге баулыған Асқар Ахметовпен (ІІІ дан) бірге барлық қиындықты еңсергенін, бапкерлік жұмысында оның шәкірті Марат Қожахметовпен (ІІІ дан) тізе қосып, қазіргі уақытта бәрі де ұстаздық құрамда еңбек етіп жатқанын айтты. Аптасына алты күн жаттығу өтеді. Бұл – қаладағы дәстүрлі каратэға бейімдейтін тұңғыш клуб. Бір жылда шәкірттер арасынан Азия чемпионатының қола жүлдегері, облыстық, қалалық сайыстардың жеңімпаздары шыққан.

Үш күнге созылған семинардан соң клубта каратэден жарыс өтпек.

www.zhaikpress.kz

Н.Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале