19.01.2016, 15:03
Оқылды: 21

Каратэшілер бабында

YEJJsPjNXboЖуырда Орал қаласындағы «Дзаншин» клубында каратэ спортынан ашық қалалық турнир өтті. Облыс орталығындағы 44-ші мектептің, Жастар мәдениет үйінің, «Дзаншин» клубының спортшылары және Зеленов ауданының Белес, Мичурин, Новеньки, Камен мектептерінен келген жүзден астам спортшы бақтарын сынаған татами бәсекесінде білікті бапкер Фархад Жалмурзин мен жас сенсей Николай Сенновтан тәлім алып жүрген спортшылардың өнері көпшілікті тәнті етті.


Атап айтар болсақ, катада яғни спортшының техникалық шеберлігін көрсететін сында Ғұбайдулла Ғабдуллин, Бауыржан Султангерей, Александр Бурыкин, Данила Горелкин, Аделя Жакиевалар үшінші, Доминика Головченко, Ділназ Жүсіпова және Айнара Көбеевалар екінші орынды еншілесе, Эльвира Дусупова, Полина Уварова, Дарья Пивень, Анаргүл Есенова сияқты спортшылар бірінші орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек кумитэде яғни жекпе-жек бәсекелеріне түскен каратэшілер арасында Аделя Жакиева, Ділназ Жүсіпова және Айнара Көбеевалар үздік үштікке енсе, Данила Горелкин, Доминика Головченко екінші орынды қанағат тұтты. Ал Әділет Бержанов, Руслан Өтешқалиев, Эльвира Дусупова, Дарья Пивень мен Анаргүл Есеновалар турнир жеңімпаздары атанды.

Осы жарыста Зеленов каратэшілері жалпыкомандалық бірінші орынды еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале