25.12.2015, 11:23
Оқылды: 38

Карнавалдық кеш ұйымдастырылды

Karnaval   Орал қаласындағы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен карнавалдық кеш ұйымдастырылды.

    БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен карнавалдық кеште зал көрерменге толы болды. «Классика» камералық ансамблдің сүймелдеуімен Мұрат Әмірханов, Камалиден Айтбаев, Айбар Хайырханов, Ақсұлу Жұмалиева, Эльмира Ұсаева секілді өнер иелері ерекше киім үлгісімен ән орындап кештің шырайын кіргізді.


   - Филармония ұжымының қатысуымен жаңа жыл қарсаңында алғашқы рет ерешке концерт ұйымдастырып, көрерменге ұсынып отырмыз. ХХVIII-ХIХ ғасырлардан сыр шертетін қойылымды өнерпаздарымыз сәтті орындап жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын, - дейді филармонияның көркемдік жетекшісі Мақсот Омарғалиев.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале