5.09.2016, 15:10
Оқылды: 49

«Кванттың» өнімдері сұранысқа ие

kvantБұдан кейін Мұхтар Құл-Мұхаммед  өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған маңызды бағыттардың бірі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асу барысымен танысты. Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылы Орал қаласындағы Зашаған кентінде «Квант» жиһаз фабрикасы іске қосылды.


Жобаға 1 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қазіргі күні қарқынды жұмысқа кіріскен кәсіпорын 14 мың бірлік жиһаз өндірген. «Квант» компаниясының басшысы Михаил Пшеничныйдың айтуынша, фабрикадан шығарылған өнімдер сұранысқа ие. Өнімдер еліміздің барлық өңірлерінде, ішінара Ресейде өтеді.

Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесуде М. Құл-Мұхаммед өңірде бизнес-бастамаларды жандандыру қажеттігіне назар аудартты. «Елімізде 2010 жылдан бастап президенттік «Бизнестің жол картасы  - 2020» бағдарламасы бойынша еліміздің кәсіпкерлеріне бір жарым триллион теңге бөлінген.

Салыстырмалы түрде алсақ, бұл - 2001 жылғы Қазақстанның республикалық бюджетінен үш есе артық қаражат. 2010 жылдан бері қарай «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша республикамызда 80 мыңнан астам кәсіпорын «дүниеге» келді.  Солардың бірі осы – жиһаз фабрикасы. Мұндағы барлық құрал-жабдық Италиядан алынған, демек, шығарылып жатқан өнімнің технологиялық мүмкіндігі сол италияндық деңгейде. Қазақстанның батысында орта және шағын бизнес жақсы дамып келеді. Елбасымыз экономикадағы орта және шағын бизнестің үлесін 40 пайызға, 60 пайызға, 70 пайызға көтеруіміз керек деді. Германияда осындай деңгейде. Сонда экономика әлемдегі шикізаттың бағасына тәуелді болып қалмайды», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Гүлбаршын Әжігереева

Фото Рафхат Халелов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале