10.12.2015, 17:40
Оқылды: 18

Кедендік бағыт бойынша 11 айдың жұмысы қорытындыланды

Keden     Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, кедендік бағыт бойынша биылғы  11 айда атқарылған жұмыс жайын баяндады.


Жиынды жүргізген департамент басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов ағымдағы жылдың 11 айы ішінде  кедендік төлем мен салық көлемінің 16 724 млн. теңгені құрағанын айтты. Оның сөзінше, осы мерзім ішінде сыртқы сауда айналымы (ЕЭО елдерін қоспағанда) 5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 млрд. АҚШ долларға аз. Бұл ретте экспортталған тауар үлесі 92 пайызды құраса, импортқа шығарылған тауар үлесі тек 8 пайызды ғана құрап отыр. Импорт көлемінің азаюын Абдулов мұнай мен оның өңделген өнімдері бағасының құлдырауымен байланыстырды. Ол, сондай-ақ, биыл кеден заңдылығын бұзған 48 әкімшілік материалды қарау нәтижесінде 3,9 млн.теңге көлемінде айыппұл салынып, сот органдары арқылы  57 млн.теңгенің тауары тәркіленгенін жеткізді.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале