17.09.2015, 10:03
Оқылды: 30

Кедендік қызмет кемелденуде

Keden     Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік рәсімдеуді оңтайландыру, электронды мағлұмдау (декларирование) жүйесін дамыту жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.

         Жиын барысында аталмыш департаменттің кедендік рәсімдеуді оңтайландыру басқармасының басшысы Нұрадин Сапаровтың айтуынша, өткен сегіз айда облыс көлемінде 5935 декларация толтырылған. Бұл өткен жылғыдан 13,8 пайызға төмен. 2016 жылы республикамызда электронды мағұлымдау жүйесі енгізілуі мүмкін.

Ал департаменттің тауарлы номенклатура және кедендік құн басқармасының басшысы Сағижа Шәкенова Елбасының 100 қадам ұлттық жоспарына сәйкес қолға алынып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Кедендік бақылау басқармасының басшысы Қайрат Кенжеғожин өңіріміздегі Орал мен Ақсай қалаларындағы және Орал әуежайындағы кедендік бекеттердің жұмыстарын тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале