21.11.2016, 16:06
Оқылды: 34

Кезекті «Жайдарман» ойыны өтті

%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d1%80Ұзынкөл ауылының мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі және аталған ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбымен «Жайдарман» ойыны оздырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен көңілді тапқырлардың сайысы Жәнібек, Ұзынкөл, Тау ауылынан келген командалардың басын қосты. Жайдарманшылар сайыс барысында қоғамдағы түйіткілді мәселелерді әзілмен түйреп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс қорытындысында ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен қарсыластарынан басым түскен М.Ықсанов атындағы колледждің командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы «Жайдарман» кубогін иемденді. Ал, Ұзынкөл ауылы мен Т.Жароков атындағы мектептің командалары сәйкесінше екінші және үшінші орындарға табан тіреді. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы аталымдар бойынша диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов «Жайдарман» ойынының жоғары деңгейде өткендігін айтып, ұйымдастырушылар мен қатысушы командаларға ризашылығын білдірді.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале