19.02.2016, 19:18
Оқылды: 30

Кезекті пресс-тур "Диана плюс" ЖШС мекемесінде өтті

12745840_1688972154684201_6794286442999521878_n   Бүгін  облыс əкімдігі жанындағы баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті пресс-тур "Диана плюс" ЖШС мекемесінде өтті. Бұл мекеменің иелігіндегі "Алем Плаза" сауда үйі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау алып, халыққа қызмет көрсетіп отырған жалғыз сауда үйі.


Бұл жерде əлемдік брендтің өнімдерін саудалайтын бірнеше сауда дүкендері біріктірілген. Олардың ішінде "Теxnodom", "Sulpak" электроника гипермаркеттері мен "Bijoix Mania", "F&F", "Elle", "Sela", "suiteBlanco" киім дүңгіршектері мен "Juxe Jash" сұлулық салоны, "flormar" косметика жүйесінің дүкені орналасқан.

   - Мекемеде 67 жұмыс орны сақталып, тағы 27 жұмыс орны ашылды. 2014 жылы аталмыш облыстық  кəсіпкерлік басқармасынан 681 млн 971 мың 132 теңге қаражат бөлінген, оның ішінде инвестиция 664 млн 771 мың132 теңге, ал жобаның жалпы сомасы 786 млн 500 мың теңгені құрады, - дейді облыстық индустриалдық даму басқармасы кəсіпкерлік жəне сауда бөлімінің басшысы Бағдаулет Ибраимов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале