1.07.2015, 20:34
Оқылды: 56

Кезекті сессия

ZH    Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында депутат Н.Тәжімұратовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясына мәслихат депутаттарымен қатар, аудан әкімі Н.Рахымжанов, орынбасарлары Р.Зұлқашев, Л.Қайырғалиева, ауылдық округ әкімдері, аудан орталығындағы мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «2014 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Н.Темірбаев, «Ауданның әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау, білім беру бөлімі, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы»  комиссияның төрайымы, депутат А.Әлиева, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі №16-1 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат аппаратының басшысы А.Хайроллин хабарлама жасады.

Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы депутаттар корпусының жұмысына ризашылығын білдіріп, алдағы Қазақ хандығының 550 жылдығы облыстық деңгейде Хан ордасы ауылында өтетінін қатысушылардың қаперіне беріп, оларды айтулы шараға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале