19.05.2015, 17:41
Оқылды: 28

Кейуананы құттықтады

Sirim keiuanani kyttiktadi  «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Дарғожиев, және Гүлнар Көлбаева Бұлан ауылында тұратын тоқсан төріне келген кейуана Мүнзила Қалишанованы шаңырағына арнайы ат басын тіреп, мерейлі жасымен құттықтады.

   Ақ жаулықты ана тоқсанға келсе де, тың, сөзі ширақ. Сұрапыл соғыс басталғанда Мүнзила апа небары он алты жаста еді. Ауылдың ер-азаматтары қолына қару алып майданға аттанғанда, қаршадай қыз қара жұмысқа білек сыбана кіріседі. Жастайынан еңбекке араласқан Мүнзила апа бейбіт туған соң да, жұмыс қайда болса, сонда жүрді. Алты қыз, бір тәрбиелеген әз ана – «Алтын алқа» иегері. Бүгінде шөбере сүйген әже ұлы Бауыржан мен келіні Нұрсұлудың қолында бақытты ғұмыр кешуде.

  Мүнзила әже қонақтарға «біз көрген бейнетті көрмеңдер, менің зейнетімді ғана көрсетсін» ақ батасын берді.

www.zhaikpress.kz

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале