14.03.2016, 17:40
Оқылды: 26

Келіндер шықты сахнаға

Akjayik kazaktin kelinderi   Наурыз мейрамы құрметіне Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Қазақтың келіндері-ай!» сайысы өтті. Оған үш ауылдық округтің өкілдері қатысты.


«Өнерліге өріс кең» (би және ән орындау), «Қызға қырық үйден тию» (қазақтың салт-дәстүрін, нақыл, тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру), «Ана көрген тон пішер» (қолөнер, ісмерлік, ұқыптылық), «Кім шапшаң?» (ұлттық ас мәзірін әзірлеу) бөлімдері бойынша сынға түскен олардың арасынан Ақжол ауылдық округінен Аида Тапшиеваға «Шебер келін», Мерген ауылдық округінен Ұлболсын Усаховаға «Инабатты келін», жаңабұлақтық Айза Нұғмановаға «Өнерлі де өнегелі келін» аталымы берілді.

Ресурстық орталықтың басшысы Әлия Шарапиева сайыскерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале