27.07.2015, 19:41
Оқылды: 20

Келісімге қол қойылар күн жақын

Zelenov Tarasenko01     Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ХІХ Жайық өзеніндегі бірлескен Қазақстан-Ресей тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық экспедициясы Зеленов ауданы Январцев ауылына жетті. Экспедиция құрамына Батыс Қазақстан мен Орынбор облыстарының мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар ұйымдары, депутаттар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері,  ғалым-жазушылар мен журналистер, барлығы  70 адам енген. 

Экспедицияны Жайықтың жағасынан қарсы алған аудан басшысы Кәрім Жақыпов қош келдің айтып, маңызды міндет жүктеген жұмысына сәттілік тіледі. «Жайық-достық өзені» бірлескен экспедиция жұмысына жетекшілік жасап келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко Жайықтың экологиялық мәселесіне қоғам назарын аударып, өзеннің эко ахуалын оңалту бағытындағы жұмыстардың нәтижесіз еместігіне тоқталды.

Экспедиция мүшелері мен аудан тұрғындары РФ Орынбор облысы құрамымен бірлескен "Таза жағалау" акциясына атсалысып, бір сағат бойы Жайық жағалауын тазалап өтті. Кейін экспедиция мүшелері Кеңес Одағының Батыры жерлес жауынгер Иван Мордасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиырмасында жауға қарсы жасаған өшпес ерлігімен ел жүрегінде мәңгі сақталған жеңімпаз жауынгерге тағзым еткен шараға қатысушылар ауылдық клубта аудан өнерпаздары мен РФ Орынбор облысы Ташла ауданынан арнайы келген өнер ұжымының концертін тамашалады.

Жайық жағасына тігілген ақшаңқан киіз үйде жайылған қонақасынан кейін меймандар түнгі алау жанында достық, бірлік, бейбітшілік әндерін бірге шырқап, жастар би алаңынан табылды.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале