12.11.2015, 17:21
Оқылды: 22

Келісімнің киелі бесігі тербеле берсін!

Zelenov forum Assambleia    Зеленов ауданындағы «Достық» үйінде « Қоғамдық  келісім Қазақстанның биік беделі» атты аудандық  Қоғамдық  келісім  кеңестері  форумы  ұйымдастырылды.

Оған аудан әкімі Кәрім Жақыпов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов куә болды. Сондай - ақ, аудандық бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ  әкімдері, аудандық  мәслихат  депутаттары, аудандық, ауылдық ардагерлер Кеңесі мүшелері, қоғамдық келісім Кеңесі  төрағалары мен мүшелері, үкіметтік емес ұйым, діни, этно - мәдени бірлестік мүшелері қатысты.

Одан  әрі  модератор, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров аудан  әкімі Кәрім Каримоллаұлына сөз тізгінін берді.

- Қоғамдық келісім кеңесі - татулықтың белгісі.  Ұйымшылдықтың  көрінісі. Билік пен халықтың арасын жақындастыратын, тығыз байланыстыратын кеңес. Ауданымызда  бұл кеңестің құрылғанына екі жылдың көлемінде уақыт болды.  Айта кетейік, жалпы, ауданымызда 22 қоғамдық кеңес бар. Күні бүгінге  әр  округтен сайланған  осы кеңестің өкілдері ауылдарда  билікпен бірлескен жұмыстарын атқаруда.  Бір шаңырақ астында татулығы жарасып, ел тарихын жасасып жатқан 18 этно - мәдени бірлестіктеріміз бар.

«Қазақстандағы қоғамдық келісім - ең алдымен  қазақтың  келісімі»,- көпұлтты мемлекетіміздегі ел иесі ретінде берекелі бірлікке бас болып, барлығымыз ынтымақта болайық - деген Елбасымыздың келелі  саясатының басым бағыты еді. Осы бағыттағы  жұмыстарды  жүзеге  асыру барша қазақстандықтардың тұрақтылық пен ұлттық  бірліктің басты  факторына айналады деп  есептеймін, - деді  аудан  басшысы.

Форум барысында  сөз алған  БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Ассамблея жылы аясында  атқарылған көптеген маңызды шаруалардың басын қайырды.  Ырыс  алды - ынтымақ . Қандай да болмасын жүзеге  асқан жұмыстардың барлығы да  «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыздың» арқасында екендігін  тілге тиек етті.  Көпшілікті  «Кең болмасаң, кем болмайсың» деп, әркез тонның ішкі бауындай болуға  шақырды.

   www.zhaikpress.kz

Самал   ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале