12.11.2015, 17:32
Оқылды: 18

Келісім барда келелі іс тындырылмақ

 Karatobe kelisim barda keleli is bar  Қаратөбе ауданында «Этноаралық толеранаттылықты нығайту және ұлттық келісімді сақтау» тақырыбында қоғамдық келісім кеңесінің форумы оздырылды.

Форум жұмысына ардагерлер, ауылдық округ әкімдері, аудан мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар мен дін өкілдері қатысты.

Форум жұмысына қатысып сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров:

- Бұл шараның ауданымдың қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екендегін ерекше айтқым келеді. Ел тұтастығын ту еткен сан ғасырлық салт-дәстүрді сақтап, қоғамдық келісімнің нығаюына бар күштерін салып, еңбек етіп келе жатқан аудан халқының өнегелі ісі мәртебемізді биіктетеді, - деді.

Сонымен қатар, Жусандыой ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Талап Қазиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, неміс ұлтының өкілі Ирина Классен сөз сөйледі.

- Ұлтым – неміс, жүрегім – қазақ. Тағдырдың жазуымен қазақ жігітімен бас қосып, бірауыз қазақша білмей, сонау Павлодар өңірінен қаймағы бұзылған Қаратөбе өлкесіне келін боп түстім. Осы өлкенің нанын жеп, суын ішіп, қызмет еттім. Ұрпақ тәрбиелеп, қазақы тәрбиені бойыма сіңіре білдім. Ынтымағы мен татулығы жарасқан құт-мекенде өмір сүріп жатқаныма өзімді бақытты сезінемін, - дейді ағынан жарыла сөз сөйлеген неміс ұлтының өкілі Ирина Классен.

Форумға арнайы қатысқан Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов сөз сөйлеп, елімізде атқаралып жатқан берекелі істерді баян етті.

Шара соңында аудан басшысы Асхат Шахаров жусандыойлық И.Классен, қаратөбеліктер О.Хасинов, Б.Жүсіпқали, Н.Дәулетовтерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Форум тиісінше қарар қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале