27.11.2015, 20:21
Оқылды: 15

Келісім кеңестерінің форумы өтті

Sirim kenes kelisimderinin  Аптаның ортасында Сырым ауданы орталығында Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық келісім  кеңесінің форумы өтті.

Форум барысында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Зәмзәгүл Ерғазиева, Сарой ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сәбит Арыстанғалиев, аудандық мешіттің имамы Бақытжан Сабырәлиев, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмат Байболат елдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту мен рухани татулықты арттырудың маңыздылығы жөнінде ойларын білдірді.


Округтердегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалы Асан Жүсіпов, Сабыр Оразов жолдастар суретші Мұратбек Жоламановтың туғанына 50 жыл толуына шаралар өткізуді, сол сияқты жергілікті жердегі халықтың қоғамдық белсенділігін ынталандыруға бағытталған тың жұмыстарды атқаруды ұсынды. «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шынар Дүйсенғалиева қоғамдағы әлеуметтік әрі рухани ахуалдың шынайы келбетін білу үшін аудандағы отбасыларды зерттеп – зерделеудің маңыздылығын айтты.

Осы форумда аудандағы тұрақтылық пен береке – бірлікті насихаттауда оздырылып жүрген шараларға белсене атсалысқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мектептің фойесінде аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы шәкірттерінің көрме жұмысы қойылды.

Форум жұмысы аудан әкімі Абат Шыныбековтың түйінді сөзімен қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан  Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале