19.02.2016, 19:43
Оқылды: 28

«Келісім-шарт бойынша қалыңдық»

 Teatr  Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні сағат 18.30-да және 21 ақпан күні сағат 17.00-де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында  Асахмат Айларовтың «Келісім-шарт бойынша қалыңдық» комедиясының премьерасы өтеді. Қойылымның режиссері Самал Әбуов. Ал, қоюшы суретші  Мұрат Мәмбетов.


       Суретші Темикко мас күйінде өте үлкен лауазым иесін қонаққа шақырып қояды. Аяқ астынан қабыл алынған бұл шақыру үлкен абыр-сабырға әкеліп, ойланбай істеген тірліктің салдарынан әртүрлі күлкілі жағдайлар туындайды.

Хикая қоғамдағы маскүнемдік, жағымпаздық, көзбояушылық сынды келеңсіздіктерді күлкі ете отырып, адамның бақыты өз қолында екеніне көзімізді тағы бір жеткізеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале