10.06.2016, 12:24
Оқылды: 23

Келіңіз, мейірімді дәрігерді бірге таңдайық!

zelenov dariger   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданымызда игі шаралар жүзеге асуда.

  Сондай  тағылымды  жұмыстардың бірі - аудандық орталықтандырылған аурухана ұжымы ұйымдастырған «Мейірімді дәрігер» жобасы.

  Қазіргі таңда ауданымызда  25 жылға орай  бірқатар шаруаның басы қайырылды. Мәселен, біздің ұжым «Мейірімді дәрігер» жобасын ұйымдастыруды бастап та кетті.


   «Мейірімді дәргер» жобасы 4 кезеңнен құралды. Олар: ұйымдастырушылық, жобаны іске асыру,  жобаның өтілуі, қорытындысын жариялау. Қорытынды демекші, жыл соңында, жобаның жеңімпазы анықталған дәрігерге біздің ұжым тарапынан қомақты қаржы беріледі,- дейді аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Тимур Мұсағалиев.

   Бұл жобаға қатысушы дәрігерлерді былайғы жұрт өз қалауы бойынша жұмысын бағалап, дауыстарын беруде. Ол үшін таңдаушы өздерінің  көңілінен шыққан ең сүйікті дәрігерінің тұсына «+» белгісін қоюда. Дәл қазіргі уақытта  401 ұпаймен дәрігер Қарлығаш Асқарова алда келеді. Ендеше, келіңіз, мейірімді дәрігерді бірге таңдайық!

www.zhaikpress.kz
Айшабибі МӘМЕТ
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале