9.07.2015, 17:24
Оқылды: 30

Керекуден келген сый

Arman-kaniОрал қаласына келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, павлодарлық ақын Арман Қани бейсенбі күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереевамен кездесті. Кездесу «Жайық Пресс» медиахолдингінде өтті.

-Бүгін өңіріңізде болып, сіздермен кездескендегі басты мақсатым Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап апамызға сәлем беріп, ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 20 томдық шығармалар жинағын табыс ету еді. Бұл жинақ 2013 жылы сол кездегі Павлодар өңірінің әкімі Ерлан Арынның қолдауымен 1000 данамен жарық көрген болатын. Бұл топтамада ақынның бұрынғы жинақтарына енбеген өлеңдері, рауаяттары, дастандары топтастырылған. Қазақтың бірегей тарихи ұлы тұлғасы Мәшһүр Жүсіптің жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы. Ақын өз ғұмырында ел аузындағы аңыз-дастандарды, ертегілерді, қиссаларды жинап, одан басқа өзінің шығармашылығынан туындаған жазбаларын жазып қалдырған. Орал қаласына жеке шаруаммен келсем де, уақыт тауып осындай құнды жинақ туралы пікірімді сіздермен бөлісуді жөн көрдім,-деді Арман Қани.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева елге келген қонақтан сыйды қабыл алып, өткен тарихымыздан сыр шертетін мұндай жинақтарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуіміз керек деген ойын айтты.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале