13.09.2015, 10:09
Оқылды: 27

Кесапатқа – қарсылық

 

Akajyik kesapatka karsilik  Қоғамның, әсіресе жас буын өкілдерінің сыбайлас жемқорлық секілді кесапатқа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында Ақжайық ауданында барынша ұтымды шаралар ұйымдастырылуда. «Нұр Отан» партиясының «Мерей» бастауыш ұйымы партияның «STOP-қылмыс!» жобасына орай «Жемқорлық пен жаңғырту – үйлеспес ұғымдар» атты «дөңгелек үстел» өткізді.

Бұл мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, аудан прокурорының орынбасары Ерлан Жаңбырбайұлы, ішкі істер бөлімінің кадр жөніндегі инспекторы Қайрат Сұнғатов, Әділет басқармасының бас маманы Бағдагүл Еркінғалиева Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен, мектептердің жоғары сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына байланысты елімізде атқарылып жатқан жұмыстардан жан-жақты хабардар болды. Сондай-ақ осында ұл-қыздардың аталған кеселге қарсылық деңгейін анықтау мақсатында экспресс-сауалнама жүргізілді. Айжан Нысанбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастырудың маңыздылығы жайында кеңінен баяндап берді. Құзырлы орган мамандары еліміздің жер-жерінен сыбайлас жемқорлық бойынша көптеген өкінішті мысал келтірді.

www.zhaikpress.kz

Берік ЕСЕН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале