11.06.2015, 11:28
Оқылды: 20

Кеселдің алдын алған тиімді

Kolikten byimtai yrlau   Облыс әкімдігі жанындағы өңірлік құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Бахтияр Мәкен ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне үш мәселе ұсынылып, солар бойынша облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев пен орынбасары Талғат Ақаевтардың хабарламалары тыңдалды. Лауазым иелерінің сөзінде көрсетілгеніндей, белгілі бір жүйелі шаралар қолға алынып, ойдағыдай атқарылғанымен, түгелімен алғанда өңірімізде қылмыс та, құқық бұзушылық та жойылмай келеді. Мәселен, осы жылдың төрт айында 160 мал ұрлау жағдаяты тіркелген. Мал ұрлығы әсіресе Бөкей Ордасы, Ақжайық, Қазталов аудандарында өте көп. Жоғарыдағы көрсеткіш аудандардағы жалпы қылмыстың 90 пайызын құрап отыр. Сондай –ақ, ұялы телефон ұрлау, жеке мүлікті тонау, пәтер үптеу қылмысы да аз емес. Төрт айдың ішінде гаражды тонау, әсіресе көліктен зат ұрлау жағдайы да бар. Көрсеткішке сылт сілтеме жасасақ, төрт айдың ішінде 469 үйді үптеу, 53 гаражды тонау, 219 көліктен бұйым ұрлау жағдаяты тіркеліпті.

Осыған орай, ұсақ бұзақылық  көріністеріне қарсы құқық қорғау орындары нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Алайда ағымдағы жылдың өткен төрт айында 1704 ұсақ бұзақылық анықталыпты.

www.zhaikpress.kz

СЕРІК ІЗБАСАРҰЛЫ 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале