8.12.2015, 18:16
Оқылды: 20

Кеселдің жолын кесу керек

Brifing   «Қазақстан-Орал» телеарнасында баспасөз қызметкерлеріне арналған кезекті баспасөз мәслихаты оздырылды. Бұл жолы журналистер алдында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мирболат Нұртазин мен сол департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Венера Масимова,  «Батыс қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Берікқалиевтер сөз сөйледі және сұрақтарға жауап берді.


 

М.Нұртазинның айтуынша, аталмыш шара БҰҰ-ның шешімі бойынша бекітілген 9 желтоқсан-Бүкіләлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Бұл күні әлемде қоғамдық кесел және қылмыс-сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі шаралар өткізіліп, қоғамдық пікірдің назары оның алдын алуға бағытталуда. Жақында болған жағымды жаңалық-Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында мемлекеттік қызметті нығайту жөнінде де айтылған. Мемлекетті нығайту дегеніміз-басқасымен қатар, қоғамдық негізді үңгіп құртатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және назардан тыс қалдырмау. Келесі жылдан бастап, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру де кеселдің алдын алудың жолдарының бірі. Сонымен қатар, былтыр 26 желтоқсанда Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2025 жылға дейінгі арналған стратегиясы бойынша жұмыс істеу-біз үшін күн тәртібінен түспейді. Сонан соң, М.Нұртазин бүгінде қолға алынған «Ашық келісім» іс-шарасы туралы әңгімеледі. Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын жасауға және қоғамда осы кеселге қарсы мәдениет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс ашық және жария түрде жүргізіледі. Оған кез келген заңды тұлға, қоғамдық ұйымдар және басқасы қатыса алады. Соңғы екі аптаның ішінде осы іс-шараға байланысты 28 заңды тұлғамен келісімге қол қойылды. Оның ішінде «ЖайықПресс» ЖШС-ы да бар. Айта кеткен жөн, іс-шара әрі қарай да заңды жалғасын табады.Алайда әлі де өңірімізде азаматтық биік белсенділік байқалмай отыр. –Біздің жұмысымыздың БАҚ арқылы насихатталуы қалыпты. Арнаулы сайттарымыз да бар. Біз дің кез келген БАҚ өкіліне есігіміз ашық, телефонымыз бар, ынтымақтасуға қашанда дай ырмыз,-деді сөз соңында М.Нұртазин. В.Масимова алдағы уақытта «Адалдық алаңы» атты жаңа сайт ашылатынын хабарлады және «Ашық келісім» іс-шарасы хақында кеңінен баян дады. Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға қосылған қоғамдық ұйымның өкілі ретінде Ә.Бе рікқалиев те сөз сөйледі.

www.zhaikpress.kz

СЕРПІН САЯҚ 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале