8.09.2015, 12:27
Оқылды: 130

Кешенді бақылау қорытындысы қаралды

Janakala keshendi bakilau koritindisi  Үстіміздегі жылдың 15 шілдесінен 12 тамызға дейін ауданымызда Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен 2013 жылдың  1 тамызы мен 2015 жылдың 1тамызы аралығын қамтыған кешенді бақылау жүргізілген болатын.

Тексеру өткеннен кейін кешенді бақылау қорытындысымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, оған Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Меңдіхан Лұқпанов, инспекция басшысының орынбасары Сәкен Қасымов және бөлім басшысы Бақтияр Раджапов арнайы келіп қатысты.

Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық  дербес  білім және мекеме басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан аудан әкімдігі отырысында «Ауданға жүргізілген  кешенді бақылаудың қорытындысы туралы», «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарына түсіндірме жасау туралы» мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер алдында Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы М.Лұқпанов сөз алып, қаржылық бақылаудың маңызы туралы әңгімеледі.

Қаралған бірінші мәселе бойынша ауданда жүргізілген кешенді бақылау тобының басшысы С.Қасымов хабарлама жасады.

Жүргізілген кешенді бақылаудың қорытындысы бойынша алынған шаралар туралы аудандық қаржы және  экономика бөлімінің басшысы Ж.Басирова баян етсе, аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов аудан бюджетінің орындалуы туралы ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе жайында БҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бөлім басшысы Б.Раджапов сөз алды.

Аудан әкімідігі отырысын Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов қорытындылап, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале