13.07.2015, 19:32
Оқылды: 21

Тілдік ахуал сараланды

 

Til02    Облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен төрағалық етті.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали әділет департаментіндегі тілдік ахуалдың жақсарғанына тоқтала келе, ауыл-аймақтағы жаңарған көше атауларына құқықтық актілерді тіркеуде аудан, ауылдық округ әкімдіктеріне көмек-қолдау көрсету қажеттігін еске салды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Зеленов, Теректі аудандарындағы мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу жайымен танысты. Зеленов ауданында 40-тан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тірлік етуде. Мұндағы 55300 халықтың 52%-ы - қазақ, 41%-ы - орыс, 7 %-ы - өзге ұлт өкілдері. Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың айтуынша, құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 2012 жылы 65 %-ды, 2014 жылы 80,8 %-ды, биылғы бірінші жартыжылдықта 85,5 %-ды құраған. Облыстық тілдер басқармасы тарапынан ауданға тегін 3 мыңға жуық электронды оқулық, сөздік, оқу құралдары беріліп, пайдаланылуда. Ауданда барша азаматтың мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті жағдайлар жасалған. Переметный, Дариян ауылдарында мемлекеттік тілді үйренуге аумақтық мультимедиялық кабинеттер жабдықталған.

Кеңестің отырысын қорытындылаған Бақтияр Мәкен департаменттегі, аудандардағы тілдік ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарындағы ілгерлеушілікті атап көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

 «Орал өңірі» 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале