4.04.2016, 11:47
Оқылды: 13

Кеңес келелі мәселелерді көтерді

Janakalaprokuror  kenes     Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жаңақала ауданының прокуроры А.Қабановтың бастамасымен ведомоствааралық кеңес отырысы өтті. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудандық ішкі істер бөлімі, құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.


     Кеңесті аудан прокуроры жүргізіп отырды. Басқосудың күн тәртібінде 1 мәселе қаралды. Ол 2015 жылы және 2016 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша қылмыстық жағдайлармен бұл бағыттағы алдағы кезеңге қойылатын мәселелерді талқылау еді.

     Cөз алған аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Д.Әбдірайымов 2015 жылы аудан аумағындатүрлері мен санаттарына байланысты аса ауыр қылмыстың тіркелмегенін жеткізді. Ал ауыр қылмыстар саны 10 жетіпті. Айта кетсек, 2015 жылы Жаңақала АIIб-нің қылмыстың алдын алу мен ашуда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2014 жылмен салыстырғанда, тіркелген қылмыстар 9,5 пайызға немесе 253 фактіден 229 фактіге төмендеген. Соның ішінде 185 дерегі қылмыстық құқықбұзушылық, 44-і қылмыстық теріс қылық болып саналады. 168 қылмыстық іс аяқталғандар қатарында, соның ішінде 73-і сотқа жолданған.Аяқталмайтын негіздермен қысқартылған қылмыстық істер - 95. Қылмыстың ашылмауына байланысты тергеу мерзімі үзілген қылмыстық істер- 65, жалпы қылмыстардың ашылуы 72,1 пайызды құраған.

     Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі – мүліктік қылмыстар. Барлығы 177 немесе жалпы тіркелген қылмыстардың 77,2 пайызы, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 2014 жылы 156 фактісі орын алса, 2015 жылы 135 факті. Бұл 13,5 пайызға азайған.

     Шыны керек, мал ұрлығы аса күрделі мәселелердің қатарында. Себебі, ауданның негізгі қызметі мал шаруашылығы болуына байланысты мүліктік қылмыстардың елеулі бөлігін мал ұрлығы құрайды. 2015 жылы тіркелген мал ұрлығы 50 қылмыс. Аяқталғандары - 23, мерзімі үзілген қылмыстық істер саны - 27.

     Алқалы жиынды аудан прокуроры А.Қабанов қорытындылады.

 www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале