3.10.2016, 18:34
Оқылды: 17

Киік атқаны үшін ұсталды

%d0%ba%d0%b8%d1%96%d0%ba-%d0%b0%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d1%8b-%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b     ҚР Ішкі істер министрлігінің 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тасқала ауданы аумағында «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы өтуде.


– 19 қыркүйекке қараған түні Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі аумағында азамат Ш. көлге бара жатқан 5 бас киікті мылтықпен атып алғандығы және сол көлден 411 дана шаянды заңсыз аулағаны анықталды. Осы факт бойынша Тасқала АІІб қызметкерлері тергеу жұмысын жүргізуде, - дейді Тасқала АІІб жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция капитаны А.Қасымов өз мәліметінде.

     Аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамынан құрылған ұтқыр топтар осындай оқиғаларды анықтау бағытында  жұмыстануда. Азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, суық қаруды сақтауға, алып жүруге, аң, балық  аулау, ағаш кесу, ағаш және табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығы, сондай-ақ биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы анықталып, автожолдарда көлік құралдары тексерілуде.

         Р.САТЫБАЛДИЕВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале