5.10.2016, 10:12
Оқылды: 21

Киік – кең даланың байлығы

%d0%ba%d0%b8%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80Соңғы жылдары киіктің жойылу қаупі төнгеннен соң оны қорғау шаралары қолға алына бастады.


Нәтижесі де бар.  Көктем санағының нәтижесі бойынша Орал популяциясына жататын киіктердің саны 70 мыңға жеткен.

Облысымыз аумағында киіктерді есепке алу, сақтау және браконьерлерден қорғау жұмыстары жүріп жатырғаны белгілі. Бұл  жұмысқа жол талғамайтын аутокөліктермен қатар ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары да тартылған. Ауданымыз киік қосынының  көп шоғырланған жеріне жатады. Қаскөйлерді құрықтауда, даланың ерке жануарларын қорғауда «Охот­зоопром» өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үлкен жұмыстар атқаруда. Осыған орай киіктерді қорғау жұмыстарының жүру барысы, басқа да мәселелерге байланысты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр инспекторлармен кездесіп, әңгімелесті. Сондай-ақ «Охот­зоопром» ­­ӨБ РМҚК-нің Орал өңірлік филиалының директоры Сәбит Дүйсекенов, инспекторы Дәуітқали Нұрмұханбетов және БҚО аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Талғат Ілиясовпен бірге аудан аумағын әуеден бақылап, киелі жануар киіктерді көктен бағып қайттық.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің арнайы бұйрығымен 2011 жылдың қаңтарына дейін киіктерді атуға қатаң тыйым салынған болатын. Жақында бұл бұйрықтың мерзімі ұзартылып, тыйым салу уақыты 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін созылды. Дегенмен, киелі жануарларға мылтық кезейтіндер әлі де азаяр емес.

 

Мөлдір Әнуарбекқызы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале