26.05.2016, 20:27
Оқылды: 29

Колледждерде дуальды оқыту жүйесі қолданылуда

Kolledj   Бүгін облыстық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева кәсіптік және техникалық мамандықтармен қамту мәселесіне тоқталды.

   Кәсіптік білім саласында мемлекет пен бизнес серіктестігінің тұрақты тетігін құру мақсатында колледждерде дуальды оқыту жүйесі қолданылуда. Сол арқылы білім алушылар тәжірибелік дағдыларын өндірісте шыңдауға мүмкіндік алды. Мәселен, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасы бірлесе отырып, кадрлар шығару және қайта даярлауға қажетті жағдай жасау, әлеуметтік серіктестіктің негіздерін дамыту, түлектеді жұмысқа орналастыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда.


    ҚР Ғылым және білім министрлігі мен ҚР «Атамекен» ҰКП бірлесе жүзеге асыратын  «Дуальды оқытуды енгізу» жол картасына сәйкес еңбек нарығындағы мамандарға сұранысты реттеу мақсатында дуальды оқыту мен инновациялық оқыту тәсілдері облымысыздың 17 оқу орынында қолданылады. Өңірдің дуальды оқыту жүйесі құрылыс, мұнай-газ, қызмет көрсету, энергетика, байланыс-коммуникация, ауыл шаруашылық салаларына жататын 18 мамандықты қамтиды. Жол картасына 979 маман даярлап шығуға қабілетті 51 мекеме мен шаруашылық субъектілері қатысуда. Кәсіпорын базаларында дуальды оқытудың өндірістік машығын ұйымдастыру туралы 58 келісім жасалды.

   2015 жылы 13 сала бойынша 66 мамандықты игерген 7371 түлек бітірді. Ағымдағы жылы жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 61,7%, яғни 4545 адам. Жалпы түлектердің түрлі қызметпен қамтылуы 76,8%, яғни 5661 адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуын аяқтаған 3380 колледж бітірушісінің ішінен 77,4%-ы жұмысқа орналасқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,3%-ға жоғары.

       Түлектердің еңбекке орналасуының ең жоғарғы көрсеткіші энергетика (89,1%), медицина(83,0%), құрылыс пен білім(78,4-78,8%), өндіріс (76,6%) салаларында.

      Ауылдық ферма шаруашылығы мамандарының еңбекке орналасу көрсеткіші 55,3%, солармен қоса оқуын жалғастырған, әскерге аттанғандар 68,3%-ды құрады. Еңбек нарығында сұранысы төмен колледждің ауыл шаруашылық мамандары негізінен маусымдық жұмыстарға қабылданады және ауылдық жерлерде өндіріс орындары аз болғандықтан, бітірушілердің жұмысқа орналасуы қиындықтар туғызуда.

    Облыс экономикасына мамандықтар қажетті мамандардың саны облыс басқармаларының жанындағы салалық кеңестер, кәсіпкерлер палатасының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының салалар бойынша ұсынысына сәйкес мамандықтар мен кәсіптер тізімі жинақталды. Өңірлік кеңестің 2016 жылғы 21 сәуірдегі отырысында биылғы 2016-2017 оқу жылына облыстың еңбек нарығында 46 мамандыққа,  3508 адамға сұранысқа ие екені анықталды.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале