3.11.2015, 12:07
Оқылды: 22

Колледж оқытушыларының жетістігі

Akjayik kolledj jetistigi    Нақты мамандыққа бейімделген, заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық ақпараттық әдіснамаларды, озық жаңалықтарды тиімді игеруге Ақжайық аграрлық техникалық колледжі прогрессивті даму әлеуетін көрсетіп келеді.

Соның бір дәлелі ретінде кеше ғана өткен облыстық «Озық педагог-психолог» және «Алтын диск» байқауларында осы білім ордасының екі педагогы ІІ орын алды. Оның бірі – авторлық бағдарлама, элективті курс сияқты шарттарын нәтижелі орындарға педагог-психолог Нұргүл Азенова болса, екіншісі – ІТ технологиясын енгізу жөніндегі ізденіске арналған шығармашылық көрме, панорамалық сабақ арқылы кәсіби шеберлігін көрсеткен арнайы пән оқытушысы Сәтжан Елешев. Олардың тәжірибесін облыстағы әріптестері оң бағалады.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале