30.09.2016, 19:29
Оқылды: 16

Комиссия нысандардың уақтылы аяқталуын бақылайды

saken-akparatina   Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанынан құрылған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның отырысы өтті.


         Оған комиссия мүшелерімен қоса, мемлекеттік құрылым және мердігер мекемелердің басшылары қатысты. Жиынды ашқан комиссия төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Фарид Бахтиозин аталмыш комиссия «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөліменетін қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауда ұстайтынын айтты. Сондай-ақ, комиссия мүшелері нысандардың уақтылы аяқталуына да жіті мән бермек.

        Жиын барысында «Марасант», «Балтемен», «КСG», «ПМК-117», «Элмо», «Караванный путь» серіктестіктердің басшылары атқарып жатқан жұмыстары, орын алған мәселелер жөнінде баяндады.

         Айта кетейік, ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға 5 727,5 млн. теңге бөліп, 27 жоба іске асырылуда. Бұның сыртында 2015-2017 жылдар аралығында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ және «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы жүзеге асып жатқан, құны 7,3 млрд. теңге болатын 4 жоба бар. Осы жобалар аясында 370 шақырымнан астам инженерлік-коммуникациялық және 16 шақырымнан астам коммуналдық желілердің құрылысы мен қайта құру жүргізілуде. Сонымен қатар 2016-2017 жылдар аралығында 995 пәтерлі 8 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Мәди ЫҚЫЛАС

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале