19.07.2016, 15:09
Оқылды: 36

Комиссия отырысы оздырылды

????????????????????????????????????

19 шілде күні  Қаратөбе ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты дамыту және жүзеге асыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Отырысты ашқан аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов күн тәртібімен таныстырды.

Отырыста  «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалының директоры Ертай Бимұханов отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынастағы гендерлік теңдік принциптері және балалар тәрбиесінде ата-ананың рөлін күшейту мәселелерін БАҚ-та насихаттау бойынша хабарлама жасады.

Сонымен қатар, аудандық орталық аурухананың гинекологі Нұрлы Сарбаева денсаулық сақтау саласы бойынша әйелдерінің өмірге ұрпақ әкелуі, әйелдердің денсаулығын сақтау мен нығайтудағы өмір сүру сапасын жақсартуда ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале