17.08.2015, 19:30
Оқылды: 15

Комиссия отырысы өтті  

 

кадырбековЖәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбековтің төрағалық етуімен аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның отырысы болып өтті.

Оған ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдер мен мекеме-ұйымдардың басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне енгізілген «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім туралы» мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев хабарлама жасап, слайд арқылы жиналғандарға тақырып аясында жан-жақты түсінік берді. Отырыста сондай-ақ аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі мен аудан прокурорының көмекшісі Қуанышбек Қапезовтің 100 нақты қадамға байланысты хабарламалары тыңдалды.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбеков қорытындылады.

                                                                                    www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале