4.09.2015, 19:35
Оқылды: 30

Коммерциялық бензиннің бағасы босатылды, бірақ бақылауда болады

бензин1   Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында  мәлім болғанындай Үкіметтің Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас  тартты. Осыған орай облыс әкімдігінің үлкен залында өткен брифингке облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшин, БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы Оралбек Құлмұрзин қатысты.

-Бұған дейін литрі 108 теңгеден сатылып келген Аи-92/93 бензинінің бағасы енді мемлекетпен реттелмейді. Облысымызда 105 шақты жанар-жағар май құю бекеті бар. Бүгіннен бастап сол бекеттер аталмыш маркалы бензинді нарықтағы қалыптасқан баға бойынша тұтынушыларға ұсынады. Аи-89 бензині мен дизель отынының бағалары мемлекетпен реттеліп отырады,- деді  облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале