6.10.2015, 19:22
Оқылды: 21

Коммуналдық мекемелердің жазғы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қысқы маусымға 100 пайыз дайын.

брифинг тепло     «Қазақстан Орал» телеарнасында өткен брифингте шаһарымыздың 2015-2016 жылдарға жылыту маусымына дайындығы туралы мәселелер ортаға салынды.

Баспасөз мәслихатына  Орал қаласы әкімінің  орынбасары Ғалым Орынғалиев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов және «Жайық  жылу қуат» АҚ басшысының орынбасары Мұрат Иғаливтер қатысты.

Алдымен сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиұлы облыс әкімдігінің мамыр айындағы арнайы қаулысы және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстағы 2015-2016 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды,- деп хабарлайды.  Бүгінгі таңда ауа райының күрт суытуына байланысты қала тұрғындарының алаңдай бастағаны сөзсіз.  Осыған орай, 3 күн қатарынан ауа температурасы +10® С-тан төмен болған жағдайда ғана жылу берілетіндігі айтылды. Десек те, шаһардағы 13 әлеуметтік нысан, оның ішінде балабақшалар мен емханалар жылу жүйесіне  қосылып үлгерген. Сондай-ақ, Ғалым Ғұбашевтің мәлімдеуінше, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ, «Батыс су арнасы» АҚ,  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дағы жазғы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қысқы маусымға  100 пайыз дайын.

Брифингте бүгінгі таңда 644 білім беру нысаны (100%), 426 денсаулық сақтау нысаны (100%), 370 (99%) әлеуметтік нысан, орталықтандырылған жылу көздерінен жылытылатын 1263 тұрғын үйлердің 1143 (90%) дайын екендігі, сондай-ақ, Орал қаласындағы 1160 тұрғын үйдің 1040 және Ақсай қаласында 103 тұрғын үйдің 103 тұрғын үйі тексеруден өткендігі  айтылды.

Қаладағы Шаған өзеніндегі көпір жұмысының аяқталмауы да қала тұрғындарын алаңдата бастағаны анық.  Сметалық жоспарға сәйкес, 4 айға созылатын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Енді көпірді асфальттау және жарықтандыру жұмыстары ғана қалған. Қараша айына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале