9.11.2015, 15:15
Оқылды: 26

Коммуникациялық орталық ашылды

Lazzaat KAzitu   ҚАЗИИТУ ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың коммуникациялық орталығының тұсаукесері және «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының қорытындысы өтті.

Аталмыш жоба Би Джи Казақстан компания­сы­ның қолдауымен «ГауҺар Жол» қоғамдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен жүзеге асырылды. Мақсаты ҮЕҰ коммуникациялық орталығы  арқылы өзге де қазақ­стандық үкіметтік емес ұйым­дар­мен ұзақ мерзімді ынтымақ­тас­тықты орнатуға, сондай-ақ халық­тың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету бағытында құрылды.

Жоба аясында «БҚО ҮЕҰ ком­му­никациялық орталығында» http://npozko.kz сайтында жұмыс істейтін ҮЕҰ туралы электронды анықтамалық ашылды. Мұнда әзір­ге 100 үкіметтік емес ұйым тура­лы ақпарат бар.  Ресурста үкіметтік емес ұйымдардың жаңалықтары, баспасөз релиздері, өтініш­те­рі, ме­морандумдар мен тың  бастама­лар, жүзеге асырылып жатқан жо­балар бойынша  зерттеулер мен түрлі шолулар ақпараттанды­ры­лып отыратын болады.

Сондай-ақ шарада облыстық  үкі­меттік емес ұйымдар арасында өткізілген  «Үздік әлеуметтік жоба» байқауы қорытындыланды. Жеңімпазды анықтау онлайн тәр­тібінде жүзеге асырылды. Байқау нәтижесінде екі бірдей жоба – «Есту қабілеті шектеулі жастардың мүмкіндігін арттыру» тақы­рыбы бо­йынша «Қазақ саңыраулар қо­ға­мы» қоғамдық бірлестігінің «Орал-Жайық» корпоративтік қоры жә­не «Тәуелсіз өмір орталығы» (ті­рек-қимыл қозғалысы бұзылған адамдар үшін) жобасымен «Ар­ба» қоғамдық бірлестігі көпшілік­тің таңдауымен үздік деп таныл­ды. Бұл жобалар 2016 жылы жүзе­ге асырылып, 10 000 АҚШ долла­ры көлемінде қаржыландыруға ие болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале