28.08.2015, 17:54
Оқылды: 27

Конституция – қоғам тұрақтылығына кепіл

DMS_2546   Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі «Конституцияға 20 жыл: Ата Заң – Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Жиынды облыс басшысы Нұрлан Ноғаев кіріспе сөзбен ашты.

– 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Бұл – қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі зор болғанының дәлелі. Конституцияда азаматтардың сөз бостандығының сақталуына, білім алып, таңдаған мамандығы бойынша еңбек етуіне, денсаулығын күтуіне, әлеуметтік көмек алуына кепілдік беріледі. Жиырма жылдың ішінде еліміз талай жетістікке қол жеткізді. Еліміздегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін барлық құқықтық жүйе Ата Заңнан бастау алады. Тіліне, дініне, нәсіліне, лауазымына қарамастан  барша қазақстандық тең құқылы. Бұл – Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатына негізделген мемлекеттік қағидат. Экономикалық даму, бейбіт өмір сүру, халықтың әл-ауқатын көтеру істеріне отандастарымыз қоғамдық келісім аясында бірлесе қызмет етіп, өз үлестерін қосып келеді, – деген өңір жетекшісі жиынға қатысқандарды салтанатты мерекемен құттықтады.

Мұнан кейін сөз алған еңбек ардагері, өлкетанушы, облыс әкімдігі жанындағы кеңестік органның мүшесі Жайсаң Ақбай мен облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан инновациялық жүйелер институтының президенті Ақсерік Әйтімов қазақ хандығында ірге көтергеннен-ақ құқықтық жүйенің қалыптасқанын, оған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы сынды әдет-ғұрып ережелері дәлел екенін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Нұртай  АЛТАЙҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале