10.11.2015, 12:11
Оқылды: 14

Консультативтік кеңесте кездесті

Zelenov ykimettik emes jymistarmen jymis   Зеленов аудан орталығында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік кеңес өтті.

Кеңеске ұйым мүшелері, аудандық мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов:

- Жалпы ауданда 10 үкіметтік емес ұйымдар жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінде олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени және қоғамдық - саяси өміріне белсене араласып, ықпалдарын тигізіп келеді. Айта кетейік, аудан әкімдігі  жанынан құралған бұл кеңес тоқсан сайын отырыс өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

Ұйым мүшелері түрлі маңызы бар жиындардан, мектепте өткізілетін мәжілістерден тысқары қалып көрген емес. Сонымен бірге олар отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық - әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді -, деді өз сөзінде.

Одан әрі «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Марат Исқалиев, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақова, «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Әйіпов аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың жәйі турасында әңгіме өрбітіп, екшеледі.

Кеңес соңында баяндамаларда сөз болған мәселелерге қатысты ұсыныс - пікірлер  тыңдалды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале