7.09.2015, 12:54
Оқылды: 21

Кооператив өз жұмысын қолға алды

U

U

Естеріңізде болса осыдан екі ай бұрын, яғни шілде айының ортасында аудан әкімі Санжар Әлиевтің мұрындық  болуымен ауданның барлық аймақтарында ауылдық тұтынушылар кооперативін құру жөнінде жаңа бастама қолға алынған болатын. Осыған байланысты аудандық газетте бірнеше мақалалар жарық көріп,  жиналыстар өткізіліп,  ауылдық тұтыну кооперативінің мақсаты мен міндеттері, мал басын асылдандыру үшін төленетін субсидялар жөнінде   халыққа кеңінен түсіндірілген болатын.  Аз ғана уақыт аралығында  атқарылған жұмыс өз нәтижесін беріп,  іле-шала жаңа бастамаға қолдау танытқан тұрғындар қатары көбейді.

Соның арқасында аудан бойынша күні бүгін 9 коператив құрылып, өз жұмыстарын бастап кетті .

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы С.Шүкіровтың айтуынша қазірдің өзінде тоғыз кооперативте барлығы  491 бас тіркеліп үлгерген.  Мал басын асылдандыру  бағытында берілетін субсидияның шарты 30 бас аналық малға бір бас аталық алынуы тиіс. Ал, аналық мал 30 бастан асса міндетті түрде екі аталық мал қажет. Сондықтан осыны ескере отырып, тіркелген мал басына тиесілі 17 бас бұқа  ауданымыздағы «Арай» шаруа қожалығы арқылы алынды. Бұл тек басы ғана. Қазірдің өзінде АТК-ның тиімді тұстарын дұрыс түсінген ауыл тұрғындарынан  кооперативке бірігу жөніндегі ұсыныстар біртіндеп түсуде –дейді  Самиғолла Рахметоллаұлы өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале