24.06.2016, 13:19
Оқылды: 17

Кумитэ марафоны мәреге жетті

????????????????????????????????????

Зеленов каратэшілерінің асыға күтетін жарысына айнала бастаған «Кумитэ марафон» мәресіне жетті.


Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатырған бұл бәсекеге ауданның Переметный, Новенький, Белес, Мичурин, Рубежка, Янайкин ауылдық округтерінен бөлек Орал және Ақсай қалаларынан келген жас спортшылар қатысты.

Жастықтарына қарамастан тамаша шеберліктерін көрсете білген каратэшілер бәсекесінде өз жас ерекшеліктерінде Ғабдолла Ғабдуллин, Қайрат Негимов, Артем Москаленко, Анаргүл Есенова, Ерлан Баянов, Полина Уварова, Жангүлім Есболова мен Фархад Нысанбаев сияқты спортшылар жеңіске жетсе, өзімен қатар ер балалармен сынға түскен екі дүркін әлем чемпионы Аида Имақанова әлем чемпионына тән өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Енді біраз күн тынығып алған соң аудан каратэшілері алдағы жарыстарға дайындықты қайта жандандырмақ.

www.zhaikpress.kz
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале