11.03.2016, 19:27
Оқылды: 21

Кіл жүйріктен, кім жүйрік?

????????????????????????????????????

  Зеленов ауданында алғашқы рет қазақ мектептері арасында аудандық білім беру бөлімінің ұйытқы болуымен Пушкин оқулары өткізілді.


Аудан орталығындағы Қ.Аманжолов мектебі шаңырағында өткен поэзия кешінің ашылу салтанатында шараға қатысушыларды білім беру бөлімінің әдіскері Балжан Есеналиева құттықтап, сәттілік тіледі.

Байқауда Пушкин бейнесі сомдалып, көпшілікке сахналық қойылым ұсынылды. Тұғырлы үш тіл саясатын ту еткен оқушылар «Татьянаның хатын» 3 тілде мәнерлі орындады. Сонымен қатар Пушкин өмірі мен шығармашылығы жайында деректер айтылып, жыр шумақтарынан үзінділер оқылды.

Поэзиялық кештің қорытындысында Дариян қазақ мектебі І орын, Қ.Аманжолов мектебі ІІ орын, Трекин қазақ мектебі ІІІ орын алды.

Мәдени кеш соңы Пушкин балына ұласып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері көпшілік назарына өнерлерін паш етті.

 www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ 

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале