14.07.2016, 17:38
Оқылды: 76

Кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ  Қазталов аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тарих ғылымының докторы, академик Серік Мәшімбаевтың «Қос өзен аралығындағы Қазталов ауданының тарихы» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тұсаукесер рәсімге қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- ағамыздың осы бір құнды еңбегі ауданымыз үшін маңызды болып табылады. Өйткені бұл кітапта туған өлке тарихының тарихы сыр шертеді. Сондықтан Серік ағамызға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз,- деді.


  Рәсімде сөз алған кітап авторы Серік Мәшімбаев қатысушылар алдында тарихқа сүңгіп, қызықты әңгімелер өрбітті.

  Кітапта ауданымыздың өткен ғасырдағы және қазіргі күндегі тарихы баяндалса, сонымен қатар ел есінде қалған тұлғалар туралы да жазылған. Мәселен, осы еңбекте тарихта белгілі «Бесеудің хатындағы»  Мансұр Ғатауллин туралы да кең мағлұмат бар. Ал, бұл тұлға Сарыөзен бойындағы Ағаш үй  елді мекенінде  дүниеге келген. Бұның өзі біздің аудан тарихына қосылар тағы бір сый деуге болады.

  Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов тарихшының шәкірті Тұяқ Жалмұқанов, аудандық мұражайдың меңгерушісі Назкеш Адаялиева, аудандық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова,  еңбек ардагері Ғалымжан Нығметов,-  аудан тарихы  туралы жазылған  кітап жас ұрпақ үшін үлгі - өнеге деп білеміз,- деді.

  Сонымен қатар аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Әсем Халиуллина жоғары білім ордасында оқып жүргенде жерлесіміздің еңбектері біздерге көп көмегін тигізді. Әсіресе Еуропа және Америка туралы жазылған танымдық – тарихи ғылыми еңбектері біздің әлемді тануымызға ықпал етті,- деді.

   Кітаптың тұсаукесер рәсімін осындай деңгейде ұйымдастырғаны үшін Серік Мәшімбаев аудан әкімдігіне, ішкі сакясат бөліміне алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Гауhар ӘДІЛЖАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале