27.04.2016, 15:00
Оқылды: 33

Кітапханадағы библитүн

Janakala kitaphana bibliotyn     Дүниежүзілік кітап күніне орай Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Кітап-асыл мұрамыз байлығымыз» тақырыбында библиотүн өтті. Кітап оқуға қолдау көрсету мақсатындағы жыл сайын өтетін ауқымды шараға ардагерлер мен жастар қатысты.

     Мұнда рухани орталық алдына мерекеге арнап жасақталған «Қолшатыр астындағы әдебиеттер», кітап инсталяциясы, кітап көрмелерін ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама өтті.

     Алдымен жиналғандар кітапхананың ең қарт оқырманы Н.Мақанов барша жиналғандарды мерекемен құттықтап, кітап хақында әсерлі ойымен бөлісті. Одан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласып, ең көп оқылған кітаптар, ең көп сұранысқа ие болған кітаптар шеруі өтті. Мұнан әрі келушілер «Кітаптар мұңы», «Кітап емханасы» әсерлі көрінісін тамашалап, әсем ән мен мың бұрала билеген балғын қыздардың биін тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале