11.10.2016, 15:55
Оқылды: 27

«Кітап оқу-жан азығы»

%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb             Бастау ауылдық кітапханасында жазушы Әілхан Нұршайықовтың шығармаларын насихаттап, жас буын оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Асыл адам айнымас» атты жаңа бағыттағы электронды кітап көрме таныстырылды.

Ауыл жастары кітапханаға жиналып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат алып, кітаптарымен танысты. Оның ішінде «Махаббат қызық мол жылдар» туындысы оқырмандар назарын аудартты. Бір-бірімен пікір алмасқан жастар шебер жазылған шығарманың ішіндегі тәрбиесі мол нақыл сөздер мен ақыл-кеңестерге де мән беріп, оларды өзара дауыстап оқыды. Кітапханаға жиналған жастар бос уақыттарын тиімді өткізді.

Махаббат, достық, адалдық, адамгершілік  тақырыбында тебірене жазған қаламгердің кітаптары өз оқырманын толқытпай қоймасы анық. Қаншама жылдар өтсе де,  құнын жоғалтпаған бұл көркем туындылар ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі естелік ретінде сақтала бермек.

Жергілікті халықтың уақытын тиімді ұйымдастырып, саналы да тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуде кітап пен мәдени ошақ-кітапхананың орны ерекше.

 

Шотанова Бақтыгүл

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале